Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 18 жасқа толған қызымен үйін жалға беру туралы келісімшарт жасаған: Әйел сынға қалды

АҚШ-тағы Оклахома штатының тұрғыны өз үйінде 18 жастан асқан қызының тұруына рұқсат беру үшін одан ай сайын 100 доллар төлеуді талап еткен. Тіпті онымен қоймай, әйел қызына үйді жалға беретіні туралы қолхат жазғызып, бұл әрекетін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жүктеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.  

Америкалық әйел желіге жариялаған видеосының астына ол “егер сіздің 18 асқан балаңыз үйде қалуды ұйғарса” деп жазған көрінеді.

“Мен 16 жасымнан бастап баламды жалғыз өсірдім. Ата-анам мені табысты болуға баулыған жоқ, сондықтан жиған-терген әрбір затым үшін жанталасып келдім”, – дейді алты баланың анасы. 

Сөзінше, ол бұл әрекеті арқылы балаларын өз бетінше өмір сүруге үйреткісі келген. 

Әйелдің бұл жазбасы желі қолданушыларының қызу пікірталасына түсті. Біреулер оның мұндай қылығына сын айтса, басқалары керісінше қолдаған. Тіпті біреулер бойжеткеннің басқа да шығындарын бар екенін айтып, оған өз үйінде ақысыз тұруына рұқсат беруді сұраған. 

“Ол бұдан басқа ешнәрсеге ақы төлемейді. Бұл ақша коммуналды қызметтерге, тамақ пен басқа шығындарға жұмсалады”, – деп қосты америкалық әйел. 

Желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырағаннан соң қызы жағдайды түсіндіріп тағы бір видео жариялапты. Онда бойжеткен осылайша үлкен өмірге алғашқы қадам басқанын жеткізген.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Шілде, 2022 14:05
Талқылау