Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Туған күнінде суретке түспек болған әйел аяқ астынан қайтыс болып кетті
Кейптаунда (ОАР) турист жардың шетінде суретке түспек болып, төменге құлап кетіп мерт болды.

Бұл туралы News.com.au басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
31 жасқа толған Джоланди ле Ру күйеуі Эндрюмен бірге туған күнін атап өткен. Жардың шетінде тұрған әйел күннің үстінен секіріп бара жатқандай болып суретке түскісі келген. Алайда осы кезде тепе-теңдікті жоғалтып, жардан құлап кетті.
Оның күйеуі қоршаудан секіріп өтіп, әйелінің жанына бармақ болған. Алайда бұл қолынан келмеді. Оқиға орнына келген құтқарушылар Джоландиге жету үшін 3 сағат жұмсады.

Генри Барлоу есімді құтқарушылардың бірі Эндрюдің жардан төмен қарай әрең түсіп келе жатқанын көріп қайран қалған.
«Ол өзінің өмірін қатерге тікті. Алайда төменге түссе, соңы қайғылы жағдаймен аяқталар еді», – дейді ол.
Құтқарушылар Джоландиге жеткен кезде, ол қайтыс болып кеткен екен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген