Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған бауырлар аналарының жерлеуіне жұмсалған ақшаға бола соттасты

Әйел өзінің бауыры мен әпкесінен сот арқылы анасының жерлеу рәсіміне ақша алмақ болады. Алайда сот бұл қуынымды қанағаттандырудан бас тартады.

image

Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлайды.

Ерекше азаматтық іс Атыраудың қалалық сотында қаралды. Әйел өзінің туысқандарынан анасының жерлеу рәсіміне сот арқылы ақша алмақ болады. Ал марқұм аналары өз кезегінде дүние мүлкін үш баласына теңдей бөліп қалдырған.

Сотқа арызданған әйел анасының жерлеу рәсіміне: газеттегі хабарландыруға, жетісіне, асына, гранитті ескерткішіне 1 560 524 теңге көлемінде ақша жұмсағанын айтқан. Осыған орай, көп ақша шығындаған мұрагер ретінде туысқандардан ақша талап етсем болады деп ойлаған. Оның айтуынша, әрқайсысы оған 520 174 теңгеден беруі тиіс. Енді ол 1 040 348 теңге көлемінде ақша талап етіп отыр.

Балалары мұраға бола жанжалдасқан әйел 2015 жылдың 14 желтоқсанында қайтыс болған. Оны ересек 2 қызы мен кәмелет жасқа толмаған ұлы бар екен. Сот жерлеу рәсіміне жұмсалатын ақшаға қатысты ешбір келісім-шарт болмағанын алға тартып, әйелдің қуынымын қанағаттандырмауды жөн көреді.  Жуырда сот шешімі заңды күшіне енді.


Жіберіп алмаңыз:

Атырау облысында құдалар төсек-орын үшін соттасты

Атыраулық ыңғайсыз аяқ киім сатқан дүкенмен соттасты

Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты

Египетте қыз баланы сүндетке отыруға мәжбүрлегендер қатаң жазаланбақ

Талқылау