AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған анасын сотқа берген: Ақтөбе облысының тұрғыны қарт анасын пәтерден шығарып жібермек болды

Ақтөбе облысының тұрғыны өз анасын үйден шығару арызымен сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

бабушка

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел анасының үнемі жанжал шығарып, өзін әдепсіз ұстайтынын, сонымен қатар үйде полиция қызметкерлерін шақырып ешкіммен тіс жарып сөйлеспейтінін айтқан. Арыз берушінің айтуынша, қарт әйелдің пәтерде тұруы оған, күйеуіне және балаларына қауіп төндіреді.

Арыз беруші әйелдің ата-анасы бұған дейін некеде тұрған және дау ошағына айналған үш бөлмелі пәтер талапкердің әкесіне тиесілі болған. Кейін ол бұл үйді кәмелетке толмаған қызына (сол уақытты) сыйлайды. Сот қарт әйелдің пәтерге заңды түрде қоныс аударғанын анықтады, себебі ол жекешелендіру кезінде пәтер иесімен заңды түрде некеде тұрған.

Әйел өз мәлімдемесінде дәл қазіргі уақытта анасы мен екеуінің арасындағы қарым-қатынас үзілгенін, пәтер заң бойынша өзінің атында болғандықтан анасының бұл пәтерде тұруға ешқандай негізі жоқ екенін алға тартты.

Арыз берушінің анасы өз кезегінде, отбасындағы келіспеушілік үнемі үйге мас күйінде келіп, қызы мен оған қол жұмсайтын күйеу баласында екенін түсіндірді. Ол өзінің қызы үшін күйеу баласын елден шығарып жібермес үшін барлығын кешіргенін, енді келіп туған қызы өзі 30 жыл өмір сүрген пәтерінен қуып жатқанын түсіндірді.

"Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Хромтау аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Оған сәйкес арыз берушінің анасын үйден шығару туралы талабын қанағаттандырмады", – делінген сот хабарламасында.

Сот алқасы талапкердің меншік құқығын асыра пайдаланды деген қорытындыға келді. Себебі оның анасы пәтерде заңды түрде тұрып келген, сондай-ақ ол қыз кішкентай кезінде пәтерді сыйға беруге және қабылдауға келіскен. Сонымен бірге жауап берушінің басқа көшіп баратын жері жоқ. Психиатриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр