AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есеге артады

Анкара қаласында  "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle Corridor) мәжілісі өтті.

Оған қатысушылар қауымдастықтың 2021 жылғы есебін тыңдап, ТХКБ-ны дамыту стратегиясын, тасымалдау тетіктерін, маркетингтік жоспарды және 2022 жылға арналған тарифтік саясатты талқылады.

Биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есе көбейіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал  алты есеге - 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар. Айта кету керек, 2022 жылдың 4 айында ТХКБ бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз.

Іс-шара қорытындысы бойынша ТХКБ бағытымен жүк легі ұлғайып жатқандықтан үздіксіз тасымалдауды бәсеңдетпеу мәселесі келісілді.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңізі арқылы Еуропа елдеріне өтеді. "ТХКБ" Қауымдастығына 20 компания мүшелікке кірсе, оның ішінде теміржол әкімшіліктері, порттар, 8 елдің кеме қатынасы және логистикалық компаниялары бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр