"Трамвайды қайда жібердің?": Меруерт Түсіпбаева Алматы қаласының экс әкімі Бауыржан Байбекке шүйлікті
Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева үлкен қаладағы кептелістер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Бүгінде әнші Европа аралап жүр. Бірақ елде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарап отырған жоқ.
“Неткен, момын халықпыз?! Алматы тұрғындары болып, трамвайды сақтап қала алмадық! Шетелге келсем, трамвай көрсем, қатты мұңға батамын. Трамвай – қаламыздың көркі еді. Одан кейін экология жағынан пайдалы транспорт. Қазір қаламыз трамвайға зәру. Кептелістің азаятын түрі жоқ. Трамвай көрсем, өзегімді өкініш өртейді. Сол кезде бір адам Байбекке қарсы шықпады. Қолыма плакат алып, “тиметрамвайға!” деп жазып алып, өзім болсам да шығу керек еді. Өткенге өкінгенімен пайда жоқ”, – деп жазды әнші.
-
Алматыдағы лай көшкінінен көз жұмғандардың өліміне Байбек кінәлі – Храпунов
-
Алматы соты Тимур Құлыбаевқа ҚазҰУ жерін қайтарып беруді міндеттеді
Өнер иесі қаладан трамвайды алдырып тастаған сол кездегі қала әкіміне іздеу салды.
“Қазақтар қолдағы бар дүниенің басына су құюға шеберміз. Мен үндемесем, сен айтпасаң, жұртымыз не болады?!. Байбек мырза, сіз қайдасыз осы?! Храпунов “жеді, ішті, қашты” деп ренжідім. “Ұлты басқа ғой, жаны ашымады қазақтарға” деп топшыладық. Сіз – қазақсыз ғой?! Алматының трамвайы қайда?! Шетелде жүрсеңіз, елге бірге қайтайық!”, – деп шүйлікті эстрада әншісі.
Еске салайық, әнші 156 мың жалақы алатын мемлекеттік қызметінен кеткенін жазған едік.