Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Трамптың алдында отырдым": Нұрлан имам АҚШ-та өткен қайырымдылық таңғы асына қатысты

Танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы дәстүрге айналған Ақ үй ұйымдастырған таңғы асқа қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurlanimam.kz/

Блогер имам әсерін жеке парақшасында бөлісті. 

“Америка Құрама Штатының 47-президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ерекше әсер еткен сөзі: "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы, бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда, тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина мемлекеттерінің президенттері отырды”, – деп жазды имам. 



Сондай-ақ дін өкілі жиында Моңғолия президентінің ерекше ықыласын да атап өтті. 

“Моңғолияның жоғары мәртебелі президенті Намбарын Энхбаяр мырзамен жақсы сөйлесіп, мәмілелерді ортаға салдық. Моңғолияның Бас Мүфтиі болған Хадисын Батырбек хазіретпен бірге оқығанымды айттым. Мені тыңдайтындардың дені Баян Өлгей аймағынан екенін қуана жеткіздім. Қонақ болуға шақырды. Бұйырса, осы елге алдағы уақытта ресми сапар болмақ”, – деді теолог. 

 

Талқылау