Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трампқа тағы айып тағылды: Ол құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбағаны үшін сотқа шақырылып отыр

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 7 санат бойынша күдікке ілінді. Ол қатарда құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбау да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трамп

Экс-президентті бұл жолғы айып сот залына келуді міндеттеп отыр. ВВС агенттігі дерегіне сүйенсек, Дональд Трамп мемлекеттік құпия құжаттарын дұрыс пайдаланбағаны үшін кінәлі деп танылған. Сондай-ақ, айыптау хаттамасында 7 санат бар. 

Трамп десе де бұл мәселемен келіспейтінін мәлімдеген. Сөзінше қазіргі президент Байденнің әкімшілігі оның адвокаттарына ескерту хаттамасын жіберіпті. 

Оған осы айыптау бойынша Майамидегі федералды сотқа күндізгі сағат 15:00-де бару керек. 

Жалпы экс-президентке қатысты бұл екінші айыптау. Бұған дейін Трамп танымал журналистті зорлауға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 5 миллион доллар мөлшерінде айыппұл төледі

Дональд Трамптың заңгері Джим Страсти айыптау хатында не жазылғанын айтып берген. Яғни, сөзінше бұл тізімінде қастандық, жалған айғақтар, сот төрелігіне кедергі жасау және тыңшылық туралы, сонымен қатар құпия құжаттарды заңсыз сақтау мәселелері бар. 

Дей тұрғанымен Трамп бұл айыптаумен мүлде келсіпейтінін мәлімдеп отыр. 

Сарапшылар оның 2024 жылы АҚШ Президенттігіне үміткер ретінде сайлауға қатысуға ниеті барын да жазған. Десе де заңгерлер пайымынша дәл осы айыптау және шешімдер оның науқанға қатысуына кедергі келтірмейді.

Талқылау