Трамп республикашылдармен президенттік дебатқа қатысудан бас тартты
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп басқа республикашылдармен пікірталасқа қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Саясаткер бұл шешімін бәсекелестерінен, партияластарынан айтарлықтай алға озып кеткенімен түсіндірді.
"Қоғам менің кім екенімді, президенттігімнің қаншалықты табысты болғанын жақсы біледі. Мен жасаған дүниелер –энергетикалық тәуелсіздік, мықты шекара мен әскер, салықты қысқарту, инфляциясыз, тарихтағы ең күшті экономика, – деді Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Президенттікке үміткерлердің пікірталасы сәрсенбі күні өтетіні хабарланды.
Бұған дейін Джорджия прокуроры оған тағылған жаңа айыптар аясында республикашыл сайлаушылар арасында Трамптың рейтингі өскені белгілі болды. NORC орталығының зерттеуіне сәйкес, GOP жақтастарының 63 пайызы оның екінші мерзімге ұсынылуын қолдайды.
Талқылау