Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп пен Путин екі сағаттан астам уақыт телефонмен сөйлесті: Не айтылды

18 наурыз күнгі АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы әңгімесі екі жарым сағатқа созылды. Ақүй басшысының көмекшісі және аппарат басшысының орынбасары Дэн Скавино осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Reuters

“Қазір президент Трамп дөңгелек үстелде Ресей президенті Владимир Путинмен сағат 10:00-ден (Астана уақыты бойынша 19:00) бастап сөйлесіп жатыр. Әңгімелесу жақсы өтіп жатыр және әлі жалғасады”, – деп жазды Дэн Скавино Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Екі ел басшысының екі жарым сағатқа созылған әңгімесінің аяқталғанын Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.



CNN телеарнасы Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесуі "өте жақсы" өткенін мәлім етті. 

Ақүй Трамп пен Путиннің бұл әңгімелесуінен кейін жақын арада мәлімдеме жасайтынын хабарлады. 

“Ресейде басымдық бар. Олардың 2500 сарбазды қоршауға алғаны бәріне белгілі. Олар тығырықта. Бұл жақсы емес. Екі тараппен де бейбіт қарым-қатынастамыз”, – деді Трамп.

Әңгіме барысында Путин қақтығыс тараптарының энергетикалық инфрақұрылым нысандарына 30 күн бойы шабуыл жасаудан өзара бас тарту идеясымен келісіп, әскерилерге тиісті нұсқаулар берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды. Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті. 

Талқылау