Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады

Фото: Әлеуметтік желіден
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жаңа лауазымға тағайындалғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп желіде жариялаған жазбасында скриншот жариялады. Скриншотта 2026 жылғы қаңтардан бастап оның Венесуэла президентінің міндеттерін атқаратыны көрсетілген. Ол АҚШ президенті лауазымын да қатар алып жүр.
- АҚШ-тың Венесуэлаға операциясынан 100 адам қаза тапты – Венесуэла билігі
- АҚШ дүниежүзілік соғысқа дайындалып жатыр – Америкалық журналист
Еске салайық, бұған дейін АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроға есірткі саудасына, терроризммен байланысқа және қару-жараққа қатысты ауыр айыптар таққан. Нью-Йорктегі сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзін әлі де Венесуэланың заңды президенті деп мәлімдеді. Ал Каракас бұл әрекеттерді мемлекеттік егемендікті бұзу деп бағалап, халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың әрекетіне баға беруге шақырып отыр.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік