Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Ормуз бұғасы ашылмаса Иран электр станцияларына соққы беретінін айтып сес көрсетті

ормуз

АҚШ президенті Дональд Трамп егер 48 сағат ішінде Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін ашылмаса, Иранның электр станцияларына соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін президент соғысты "тоқтату" туралы айтқан, ал Израиль соққылар "айтарлықтай күшейтілетінін" хабарлады.

"Егер Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазы толық әрі қауіпсіз ашпаса, осы сәттен бастап Америка Құрама Штаттары соққы беріп, олардың әртүрлі электр станцияларын, ең ірісінен бастап, жояды!" – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Иран тарапынан шабуыл қаупі көптеген кемелердің бұғаз арқылы өтуіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің шамамен бестен бірі өтетін тар су жолы, сондықтан бұл жаһандық энергетикалық дағдарыс қаупін туғызады.

Бұғаздың толық дерлік жабылуына байланысты өткен аптада Еуропада газ бағасы бірден 35%-ға қымбаттады.

Израильдің ресми өкілдері Иран күштері алғаш рет алыс қашықтықтағы зымырандарды қолданғанын мәлімдеді, бұл Таяу Шығыстан тыс аймақтарға да шабуыл қаупін кеңейтті.

Сенбі күні кешке қарай иран зымырандары Израильдің оңтүстігіндегі Димона мен Арад қалаларына соққы беріп, балаларды қоса алғанда ондаған адам жарақат алды. Жексенбі күні таңертең жарияланған мәлімдемеде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы зымырандардың нысанасы Израильдің оңтүстігіндегі "әскери нысандар" мен қауіпсіздік орталықтары болғанын хабарлады.

Назархан Уән
Жексенбі, 22 Наурыз, 2026 09:13