Трамп Мадуроны ұстау кезінде АҚШ қолданған құпия қарудың атын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жасалған шабуыл және ел президенті Николас Мадуроны ұрлап әкету барысында америкалық әскерилер қолданды делінетін құпия қарудың атауын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, операция кезінде discombobulator деп аталатын құрал пайдаланылған.
“Дискомбобулятор. Бұл туралы айтуыма болмайды. Олар зымырандарын іске қоса алмады. Оларда ресейлік және қытайлық зымырандар болды, бірақ бірде-бірі жұмыс істемеді. Біз кірдік, олар түймелерін басты, ештеңе болған жоқ. Олар шабуылға толық дайын еді”, – деді Трамп New York Post басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, discombobulator – қарсы жақты бағдарынан жаңылдыратын құрал деп аударуға болады.
Бұған дейін New York Post аты-жөні көрсетілмеген венесуэлалық әскери қызметкерге сілтеме жасап, Мадуроны ұстау операциясы кезінде америкалықтар жергілікті әскер бұрын-соңды көрмеген белгісіз қару қолданғанын жазған.
Басылым дерегінше, Венесуэлаға десантпен түскен америкалық сарбаздар “қатты дыбыстық толқын” шығаратын ерекше қаруды пайдаланған. Куәгердің айтуынша, кенеттен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің радарлары істен шығып, аспанда көптеген дрон пайда болған. Одан кейін тікұшақтар ұшып келген.
“Бұл өте күшті дыбыстық толқынға ұқсады. Бас іштен жарылып кететіндей болды. Бәрінің мұрнынан қан кетті, кейбірі қан құсып жіберді. Қозғала алмай жерге құлап қалдық”, – деді оқиға куәгері.
- Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады
-
АҚШ-тың Венесуэлаға операциясынан 100 адам қаза тапты – Венесуэла билігі
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Венесуэладағы “Абсолютті шешім” атты операциясы 3 қаңтарға қараған түні жүргізіліп, бар болғаны 2 сағат 20 минутқа созылған. АҚШ әскері Каракасқа жаппай соққы жасап, президент Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, елден кемемен алып кеткен. Қазір олар Бруклиндегі тергеу изоляторында қамауда отыр делінеді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы