Трамп коронавирусты жұқтырмауы үшін қандай дәрі қабылдап жүргенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп сарапшылар коронавирусты емдеуге қауіпсіз емес деп таныған гидроксихлорохин препаратын қабылдап жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Трамп

Хлорохин және гидроксихлорохин дәрілері қызыл жегі мен малярияға қарсы қолданылады екен. 

"Мен бір жарым аптада бір рет бұл препаратты қабылдап тұрамын. Көріп отырғандарыңыздай, маған ешнәрсе болмады", - деді Трамп. 

Қазіргі таңда гидроксихлорохиннің коронавирусты жұқтырмауға әсер ететін қасиеті анықталмапты. Бүгінгі таңда осыған байланысты клиникалық тәжірибелер АҚШ-та, Ұлыбританияда, Испания мен Қытайда жүргізілуде. 

"Мен сіздерге айтайын: маған дәрмек жайлы түрлі жағымды пікірлер келіп түсуде", - деп қосты Трамп. 

Бұған дейін АҚШ басшысы бірнеше рет гидроксихлорохинді COVID-19-ға қарсы қолдануды ұсынған еді. 

"Індетпен күресте алдыңғы шепте жүргендердің барлығы да гидроксихлорохинді қабылдайды", - деп мәлімдеді Трапм. 

АҚШ-тың дәрілік заттар мен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау басқармасы коронавирусқа қарсы гидроксихлорохинді қолдануға кеңес бермейтінін жариялапты. Себебі бұл дәрі жүрек жұмысына кері әсер етеді екен. Бұған қоса құзырлы ұйым гидроксихлорохинді ауруханадан тыс қолдану адам өміріне қауіпті екендігін алға тартты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр