Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты болуға тағы да шақырды

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Канаданы АҚШ-тың 51-штаты ретінде қосу мүмкіндігін тағы да ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: nbcnews.com

Трамптың айтуынша, мұндай қадам канадалықтардың салықтық төлемдері мен әскери қорғанысқа кететін шығындарын айтарлықтай азайтуы мүмкін.

"Неге біз жылына 100 миллион доллардан аса соманы Канадаға субсидиялаймыз? Бұл мағынасыз! Көптеген канадалық өз елдерінің 51-штат болғанын қалайды. Олар салық пен әскери қорғанысқа үлкен қаражат үнемдер еді. Меніңше, бұл керемет идея – 51-штат!" – деп жазды Трамп өз Truth Social желісіндегі парақшасында.



Еске салайық, бұған дейін Трамп әзілмен Канада елу бірінші штатқа айналуы мүмкін, ал премьер-министр Джастин Трюдо оның губернаторы бола алады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ сайланған президент Оттава АҚШ-қа келетін мигранттар мен есірткі ағымын азайтпаса, канадалық тауарларға 25 пайыз баж салығын енгізуге уәде берген.

Талқылау