Трамп ісі: сайлау нәтижелерін жою әрекеті бойынша сот отырысы 2024 жылғы наурызға белгіленді
АҚШ федерациялық судьясы Таня Чуткан 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жою әрекеті бойынша сот отырысын 2024 жылдың 4 наурызына белгіледі. Бұл іс бойынша АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
фото: newsru.com
Судья қорғаушы мен айыптау тарапының өтінішін қанағаттандырмай, сот отырысын қаңтарға белгілеуден немесе 2026 жылға ауыстырудан бас тартты. Осылайша, Вашингтондағы Трамптың соты 14 штатта праймериз өтетін "Супер сейсенбі" қарсаңында басталады.
Судья қорғаушыға істі екі жылға кейінге қалдыру тым көп уақыт алатынын түсіндірді.
Трампқа төрт тармақ бойынша айып тағылады, соның ішінде АҚШ-ты алдау, ресми рәсімдерге кедергі жасау және азаматтардың құқықтарын бұзу жолында сөз байласу. Алайда арнайы прокурор Джек Смит, Трампты 2021 жылдың 6 қаңтарында кетіп бара жатқан Президенттің сөзінен кейін Капитолийге басып кірген жақтастарының тобын басқыншылыққа үгіттеді деп айыптаған жоқ.
2024 жылғы 25 наурызда президент Трамп порноактрисаға айла-шарғымен ақша төлеген деген айып бойынша Нью-Йорк сотында жауап бермек. Ал сол жылы мамырда Флоридада Трампқа қарсы тағы бір іс – құпия құжаттармен жұмыс істеу тәртібін бұзған деген айып бойынша сот басталады.
Трамп пен тағы 18 адамға қарсы Джорджия штатында тағы бір іс қозғалған. Оларға осы штаттағы сайлау қорытындысы жоймақ болды деген айып тағылған. Бұл іс бойынша сот қашан басталатыны әзірше белгісіз.
Экс-президент барлық айыптауларды жоққа шығаруда.Бұл демократтардың сайлау алдындағы қитұрқы әрекет деп есептейді Трамп.
Сондай-ақ77 жастағы Дональд Трамп АҚШ-та 2024 жылы өтетін президент сайлауына Республикалық партиядан түскісі келеді. Қазір осы партиядан президенттікке кандидат болуға үміткерлер арасында ол алда тұр.