Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмайды: Трамп Иранның шабуылынан бір де бір америкалық зиян шекпегенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ирактағы америкалық әскери базаларға зымырандармен жасаған шабуылынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Трамп

Ол өте аз зиян келгенін, салдарынан Ирак пен Американың бір де бір азаматы көз жұмбағанын жеткізді. Әрі қарай Трамп Иранның Сүлеймен генералының көзі неге жойылғанын айтты. 

«Оның қолы қанға малынған еді. Ол Америка азаматтарына қарсы шабуылға дайындалды және оны бұған дейін құрту керек еді», - деді Трамп. 

Мұнымен қатар, Америка лидері Иранға қатысты санкциялардың сол күйі қалатынын жеткізді. 

«АҚШ Иранның ядролық қаруының пайда болуына жол бермейді», - деді Трамп. 

Иран өзінің ядролық қару жасау туралы бастамасы мен террористерді қаржыландыруды тоқтатуы тиіс. Трамп Германия, Франция және Ресей мемлекеттерін Иранмен ядролық қаруға қатысты жасалған келісімдерден бас тартып, жаңасын жасасуға шақырды. 

Бұдан өзге Трамп НАТО ұйымын Таяу Шығыстағы жағдайға араласуға үгіттеді. АҚШ-тың гиперқару жасай алатынымен мақтанды. 

Америка лидері Иранды АҚШ-пен бірігіп, ИГИЛ қарсы күш біріктіруге шақырды. 

Талқылау