Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Иранға әскери кемелерден тұратын "армада" жібергенін мәлімдеді

Фото: The White House

Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарай әскери кемелерден тұратын “армада” жіберіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al Jazeera басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алайда Трамп бұл күшті пайдаланудың қажеті болмайды деп үміттенетінін жеткізді. 

“Сақтық үшін Иранға қарай әскери кемелерден тұратын “армада” аттанды. Ештеңе болмағанын қалар едім. Бірақ біз оларды өте мұқият бақылап отырмыз. Мүмкін армаданы қолданудың қажеті де болмай қалар”, – деді Трамп.


"Иран сценарийінің" қайталануынан қорқу: Ақорда не себепті шұғыл Құрылтай өткізбек?


Иран өзімен көршілес елдерге АҚШ-тың әскери базаларына соққы беретінін айтып, ескерту жасады


Трамптың айтуынша, Американың талабынан кейін Иран билігі дарға асу арқылы жүзеге асатын 837 өлім жазасының күшін жойған.

“Оларға: егер дарға асуды жалғастырсаңдар, бұрын-соңды болмаған соққы жасаймыз дедім. Олар бәрін тоқтатты”, – деді Трамп.

БАҚ мәліметінше, алдағы күндері Таяу Шығыс аймағына USS Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесі мен бірнеше эскадралық минатасушы жеткізілмек. Сонымен қатар, АҚШ өңірде қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл әскер Иран қарсы шабуыл жасаған жағдайда төтеп беру үшін қолданылмақ. 

Еске салсақ, бұған дейін Иранда ұлттық валюта құлдырап, жаппай наразылықтар басталғаны, сондай-ақ наразылық акцияларының соңы тәртіпсіздік пен тонауға ұласқаны туралы жазған едік. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге оқ атқан жағдайда, оларға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Осы мәлімдемеден кейін Иран өздеріне шабуыл жасалса Израиль мен АҚШ базаларына соққы беретінін ескертті.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 10:06