Трамп Еуропа елдерін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға шақырды
Фото: AP
Трамп Еуропа елдерін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің мұнайы мен газын сатып алуды жалғастырып отырған елдер Украинадағы соғыс әрекеттерін қаржыландырып отырғанын айтты. Ол Еуропаны Ресейден энергия ресурстарын сатып алуды доғаруға шақырып, бұл мәселені БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында еуропалық көшбасшылармен талқылауға уәде берді.
"Бұл – олар үшін масқара жағдай. Ресейдің энергия ресурстарын сатып алуды тоқтату керек. Әйтпесе біз уақытты босқа жоғалтамыз", – деді Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Ресей мұнайын сатып алушы Қытай мен Үндістан Украинадағы соғыс қимылдарының "негізгі қаржыландырушылары".
"Бірақ тіпті НАТО елдері де ресейлік өнім сатып алуды тоқтатпапты, мұны мен екі апта бұрын ғана білдім.", – деді АҚШ президенті.
АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, Еуропалық одақтың Ресейдің мұнайы мен газын сатып алуды тоқтатуы Трамптың Украинадағы соғыс қимылдарын аяқтау жөніндегі бастамаларына оң ықпал етеді. ЕО елдері ішінде мұнай мен газды әлі де алып отырған мемлекеттер – Венгрия мен Словакия.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
