Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп Беларусь пен Қырғызстан азаматтарына виза беруге шектеу қоймақ

АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да жеті елдің, соның ішінде Беларусь пен Қырғызстанның азаматтарына америкалық виза беруді шектеу туралы шешім қабылдады.

АҚШ президенті: Егер Иран шабуыл жасаса, жаңа әскер техникамен талқандаймыз

Олардың айтуынша, бұл тізімге Мьянма, Эритрея, Нигерия, Судан және Танзания да енуі мүмкін. Бұл тізім әлі бекітілмеген және өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы ресми мәлімдеме 27 қаңтарда болады деп күтілуде.

Трамп The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында Америка Құрама Штаттарына кіруге шектеулер қойылған елдердің тізімін толықтыруды жоспарлағанын растады, бірақ егжей-тегжейін жарияламады.

2017 жылдың қыркүйегінде АҚШ ұлттық қауіпсіздік шараларының жалғасы ретінде Иран, Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад азаматтарының кіруіне тыйым салды. Мұндай радикалды қадам Трамптың пікірінше, иммигранттарды қауіпсіз түрде таңдай алмауымен байланысты. Кіруге тыйым салу ықтимал террористердің АҚШ аумағына кіруіне жол бермеуге көмектеседі.

Талқылау