Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-та қару-жарақ өндірісін айтарлықтай арттыратынын мәлімдеді

Фото: EPA BONNIE CASH

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен өткен кездесуден кейін елдің ірі қорғаныс компаниялары қару-жарақ өндірісін едәуір көбейтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесуге BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon компанияларының бас директорлары қатысқан. Онда қару-жарақ өндіру көлемі мен өндіріс кестелері талқыланған.

Трамптың айтуынша, аталған компаниялар "эксклюзивті санаттағы" қару-жарақ өндірісін төрт есе арттыруға келіскен. Бұл АҚШ-тың мүмкіндігінше тезірек ең жоғары өндіріс көлеміне жетуіне бағытталған.

"Олар “жоғары санаттағы” қару-жарақ өндірісін төрт есе арттыруға келісті... Өндірісті кеңейту жұмыстары кездесуден үш ай бұрын басталды, және осы қару түрлерінің көпшілігі қазірдің өзінде зауыттарда шығарылып жатыр. Бізде орта және ортадан жоғары деңгейдегі оқ-дәрілердің іс жүзінде шексіз қоры бар", – деді Трамп.

Жаңа зауыттар салынып жатыр және бірқатар қару түрлерін шығару процесі басталып кеткен. АҚШ-тың әртүрлі штаттары жаңа өндіріс орындарын өз аумағында орналастыру үшін бәсекеге түсіп жатыр.

Сонымен қатар Трамп АҚШ-та орта және жоғары деңгейдегі оқ-дәрілердің қоры өте көп екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай оқ-дәрілер Иранға қарсы операцияларда және жақында Венесуэлада қолданылған. Соған қарамастан, осы санаттағы оқ-дәрілерге қосымша тапсырыстар берілген.

Президент екі айдан кейін қорғаныс өндірісіне қатысты тағы бір кеңес өткізілетінін де хабарлады.


 


Еске салайық, бұған дейін сарапшылар америкалық-израильдік соққылардан кейін Иранның ядролық қару жасауға ұмтылысы күшеюі ықтимал деп болжам жасады. Сарапшы Джеффри Льюистың айтуынша, бұл технология ондаған жылдар бойы бар, ал кек алуға ұмтылған Иран, бәлкім, Солтүстік Корея сияқты қорытындыға келуі мүмкін, яғни АҚШ-пен бейбіт өмір сүру қауіпті, сондықтан ядролық қаруға ие болған дұрыс.

STAN.KZ
Сенбі, 07 Наурыз, 2026 08:15