Трамп АҚШ пен Мексика шекарасындағы қабырғаны қара түске бояуды бұйырды
Фото: Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қабырғаны қара түске бояуды бұйырды. Сонда, оның пайымдауынша, күнге қызған қабырға арқылы заңсыз мигранттар АҚШ аумағына өте алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноемнің мәлімдеуінше, бұл шара президент Трамптың тікелей тапсырмасымен қолға алынған.
"Артқы жақтағы қабырғаға қарасаңыз, оның биік екенін, қарғып өту өте қиын екенін көресіздер. Іргетасы да терең көмілген, ор қазу қиын. Енді мұны қара түске боямақпыз. Бұл тікелей президенттің тапсырмасы бойынша іске асады. Ол жоғары температура кезінде мұндағы кез келген қара түсті нәрсе ыси түсетінін және соның салдарынан қабырғадан қарғып өту қиын болатынын түсініп отыр. Сондықтан адамдардың АҚШ-қа заңсыз кіруіне жол бермеу үшін оңтүстік қабырғаны толығымен қара түске бояймыз", – дейді Ноем.
Көші-қон саясатын қатаңдату Дональд Трамптың сайлау алдындағы басты уәделерінің бірі еді. 2025 жылдың қаңтарында президент ретіндегі қызметіне кіріскеннен кейін ол Мексика шекарасында төтенше жағдай жариялау және қабырға тұрғызу туралы бұйрықтарға қол қойды.

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
