Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трафиктің белсенді өсуі – операторлар үшін үлкен тапсырма

Күніне 6 миллион Tele2/Altel абоненті дүниежүзілік желіге кіріп, ғаламторда отырады.

Тұтынушылардың қызу белсенділігі мен ғаламтор сеанстарының ұзақтығына байланысты трафик көлемі жылдан жылға артып келеді. Әлеуметтік желілер мен бейнесервистерді қолданушылар тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде өсіп жатқаны таңғалатын жайт емес. 2021 жылдың соңы 2022 жылға қарай Tele2/Altel абоненттері үшін желілер мен мессенджерлерге трафик 16%-ға өскен. Youtube-тегі трафик 13%-ға, TikTok рекордтық 101%-ға жеткен. Одан бөлек, контенттің өзі барған сайын трафикті көп қажет етуде. Себебі салынатын сапалы бейнелердің көрсеткіші үнемі артып жатыр.

Бұл ұялы байланыс операторларының техникалық топтары үшін біраз тапсырмаға айналды. Өйткені сигнал сапасы, желінің өткізу қабілеті және оның әртүрлі жағдайларда тұрақты болуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Tele2/Altel ұялы байланыс операторының техникалық тобы желінің барлық элементтерімен үнемі жұмыс істейді. Осылайша, өткен жылы өткізу қабілеті 1 Тбит/с рекордқа қол жеткізді. Салыстырмалы түрде бұл бір уақытта HD сапасында жарты миллионға жуық фильмді көруге мүмкіндік берді.

Оператор пакеттік негізде геоброндау бағдарламасын жүзеге асыруда біршама табысқа жетті. Қарапайым сөзбен айтқанда, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдар жасалды. Мәселен, белгілі бір аймаққа қызмет көрсететін пакеттік ядрода төтенше жағдай туындаған кезде немесе жоспарлы жаңғырту жұмыстары кезінде трафикті басқа аймақтарға тасымалдап, таратудың техникалық мүмкіндігі жасалады. Осылайша, абоненттер үшін қызмет сапасының жоғалу қаупі жойылмақ.

Сондай-ақ, жұмыс сапасын жақсартып, кеңейту үшін бірнеше мың базалық станциялар жаңартылды. Оператор өкілдерінің айтуынша, 2023 жылы Tele2/Altel байланыс сапасын жақсарту мен 4G (LTE) технологиясын дамытуға назар аударып, 5G енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Олардың алғашқы базалық станциялары Алматы, Шымкент және Түркістан қаласының тұтынушыларын қуантуда. Ал жыл соңына дейін Tele2/Altel Қазақстанның түрлі қалаларына 5G желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жарнама құқығында