Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Toyota көлігі ұтысқа тігілді": Қазақстандықтар арасында жалған сілтеме таралуда

Мессенджерінде Toyota компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін автокөлік ұтысы ойнатылып жатқаны туралы айқпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпарат жалған болып шықты. Toyota компаниясы қазіргі кезде Қазақстанда мұндай акция өткізіп жатқан жоқ. Toyota-ның Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері "Астана Моторс" компаниясы ұтыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Желіде Toyota брендінің 100 жылдығына орай сыйлықтар ойнатылатыны туралы жалған хабарламалар тарауда. Сіздерді алаяқтардың іс-әрекеттеріне берілмей тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Қандай да болмасын акциялар, жүлделер ұтысы және т.б. арнайы бағдарламалар туралы ақпарат  ресми ресурстарында жарияланады. Хабарламалар мессенджерлер арқылы таратылмайды", - деп хабарлады компанияның PR-қызметі.

Toyota компаниясының негізі 1937 жылы 28 тамызда қаланған. Демек, бренд 100 жылдығын тек 2037 жылы ғана атап өтеді.

Талқылау