Toyota бағдарламалық ақауға байланысты шамамен 400 мың көлікті қайтарып жатыр
Фото: carscoops.com
Toyota компаниясы Tacoma, Tundra және Sequoia модельдеріне қатысты екі техникалық ақау анықтап, АҚШ-та шамамен 400 мың көлікті кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сarscoops.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Tundra мен Sequoia модельдерінде артқы көрініс камерасының бағдарламалық қамтамасыз етуінде ақау бар. 2023-2025 жылдар аралығындағы көліктердің шамамен 394 мың данасында бұл мәселе экранда дұрыс емес кескін (жартылай жасыл, толық жасыл немесе қара экран) шығуына себеп болады. Бұл қауіпсіздік стандарттарына сай емес және көлікті артқа жүргізу кезінде адамға немесе басқа көлікке соғылу қаупін арттырады.
Мәселе бағдарламалық сипатта болғандықтан, оны шешу оңай дейді өндірушілер. Сөйтіп дилерлік орталықтар бағдарламаны жаңартады. Хабарламалар қазан айының соңында жіберіледі.
Екінші кері қайтарып алу шамамен 6 мың толық жетекті Tacoma пикабына қатысты. Өндіруші компанияның хабарлауынша, кейбір 2025 жылғы модельдерде алдыңғы кардан білігінің ақаулы бөлшектері орнатылған болуы мүмкін.
Toyota нақты техникалық егжей-тегжейін түсіндірмеді, бірақ "кардан білігінің алдыңғы қосылыстарында қолданылған бөлшек дұрыс материалдан жасалмағандықтан, қозғалыс кезінде майысып немесе сынып кетуі ықтимал" екенін мәлімдеді. Бұл жағдай көліктің басқарылуын қиындатып, тіпті көлікті орнынан қозғалта алмай қалуға әкелуі мүмкін.
Компания қараша айында көлік иелеріне ресми хабарлама жібереді. Иелеріне дилерлік орталыққа барып, кардан білігінің сериялық нөмірін тексерту қажет болады. Егер бөлшек "ақаулы партияға" жатса, оны тегін ауыстырып береді.
Қазақстан азаматтарына елге жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынды
Қазақстанда автокөліктерге жаңа типтегі нөмірлер енгізіледі: Бағалары белгілі болды
Еске салайық, бұған дейін қытайлық автобренд жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты Қазақстандағы көліктерін кері қайтарып алғанын жазған едік. TANK брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Black TANK 500 жол талғамайтын көліктерін қайтарып алу науқаны жарияланғанын мәлімдеді. Ол 2024 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында шығарылған автокөліктерге қатысты. Кері қайтарып алуға төмен температура кезінде жанармай жүйесінде ақау шығуы себеп болған. Кейбір жағдайларда бұл қысымның өзгеруіне және жанармайдың ағуына әкелуі мүмкін. Науқанда барлығы 124 сатылған көлік қамтылған.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
