Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойға қонақ болып барған жігіт таяқ жеп, мейрамхана алдында қайтыс болған

Үйлену тойына қонақ болып барған Сұңғат Сәрсемхан әбден таяқ жеп, мейрамхана алдында қайтыс болған. Алматы облысы Талғар ауданда осы іске қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сұңғаттың қазасына кінәлі болуы мүмкін деп екі азамат танылыпты. Алайда жәбірленуші тарап төбелеске қатысқан 5 жігіттің де жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

23 жастағы Сұңғат үшін сыныптасы Дархан мен Айзаданың үйлену тойы өміріндегі ең соңғы отырыс болды. Алғашында Сұңғат «ақшам жоқ, тойға бармаймын» деген екен. Артынан келіншегінің неке жүзігін ломбардқа өткізіп, 10 мың теңгесін алып барыпты. Той үстінде жастар бір-бірімен ерегісіп қалады, артынан ерегес қан-жоса төбелеске ұласады. Сұңғат оңбай таяқ жеп, мейрамхананың алдында тілге келмей кетеді.

“Бардым сразу күре тамырын ұстадым, тамыры соққан жоқ. Қолынан ұстадым, тамыры соққан жоқ. Сосын мен ойладым жүрегі тоқтап қалған шығар деп, жүрегіне 15 рет массаж жасадым. Уже мен білдім Сұңғаттың кетіп қалғанын”, – дейді сыныптасы Жанна Аққұлақова.

Сараптама баланың бас сүйегі жарылғаннан қайтыс болғанын анықтады. Сотқа күдікті ретінде 1994 жылы туған екі азамат тартылып отыр. Сот отырысында тойда болған жастардың барлығынан сұрау алынып жатыр. Бірақ жәбірленуші тарап бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны негізге ала отырып, «Көлсай» мейрамханасының алдында жұдырықтасқан басқа жастардың да жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр. Себебі қаза болған баланың туыстары Сұңғатты бәрі жабылып ұрып өлтірді деген ойда.

“Негізі темір нәрсемен ұрған баламды, баламның бетінде дақ бар. Дақ аяқпен тебілген дейді. Ол аяқпен тебілмеген. Аяқпен тебілсе дененің бетін сырады. Бұл дақ печать салынған балаға. Бұл жерде 5-6 бала жабылып ұрған баланы. Ұрғандар мойнына алмай тұр. Еще ұрған баланың көрініп тұр камерада аяғы қатты тепкені сонша оң аяғы хромать етіп әрең кетіп бара жатқаны”, – дейді әкесі Оспандияр Бегдалиев.

Бұл Сұңғаттың тойда түскен соңғы суреті. Бір жыл бұрын ғана шаңырақ көтерген баланың артында жесірі мен 7 айлық қызы қалды. Ал қайғыдан қабырғасы қайысқан анасы Жазира Қалығұлованың  ұлының достарына деген өкпесі қара қазандай. Себебі Сұңғат таяқ жеп жатқанда тойға бірге барған сыныптастар достарының бірде біреуі араша түспеген ұқсайды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда өзіне қол салған қызға интернеттегі досы жіпке қалай асылуды үйреткен (фото)

Отанға оралған қандастарымыз бір-бірімен жаға жыртысып, шу шығарып жатыр

Оңтүстік Қазақстанда мұзда ойнап жүрген бала өзенге батып өлді

Қарағандылық өрттен құтқару үшін көршісінің балаларын 4 қабаттан тастап жіберді

Талқылау