Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин: Тойға бару мен үшін табу

Алматы бас санитар дәрігері Алматы Бекшин журналистердің "Тойға барасыз ба?" деген сауалына жауап беріп, демалыс күнін қалай өткізетіні туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин

"Адам көп қатысатын іс-шаралар туралы айтсақ, қатысуға кеңес бермеймін. Мен коронавируспен ауырып, вакцина алсам да, вирус тасымалдаушы болып, отбасыма жұқтыруым мүмкін. Сондықтан тойларға бармаймын, тойға бару мен үшін табу", – деді Жандарбек Бекшин.


Pfizer вакцинаcы: Қарсы көрсеткіштер мен сақтау мерзімдері аталды


Сонымен қатар Алматы қалалық бас санитарлық дәрігері демалысын қалай өткізетіні туралы айтты.

"Бос уақытымда таза ауада серуендеймін. Егер аулада болса, бір сағат үстел теннисін ойнаймын", – деп қосты Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшиннің Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты сауалға жауап бергенін хабарлаған едік. 
 

Назархан Уән
Бейсенбі, 21 Қазан, 2021 15:16
Талқылау