Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойдан қағылған қазақстандық әнші-асабалар қалай күн көріп жүр

Қытайлық індет бүкіл жұртты үйге қуып тықты. Әсіресе, карантин кезінде тойдан қағылған әнші-бишілерге қиын болды. Мұны, елге танымал эстрада жұлдыздарының өздері мойындайды. Той-думанның арқасында нәпәқа тауып, байып жүрген әншілер қазір қалай күн көріп жүр? Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Пандемия басталғалы қазақстандықтар дүркіретіп той жасауды күрт азайтты. Карантинге дейін халық жұлдыздарды сағынатын, қазір жұлдыздар халықты сағынатын болды. Індет әншілерді де "алтын торға" қамап қойды.

"Шынын айту керек қазір барлығы жан-жақтан қысып тастаған жағдайда жақсы хит болады-ау деген әндерді шығаруға талпынып отырған жоқпыз. Неліктен, өйткені қазір шығарып, ол хит болғанымен, бәрібір өзін-өзін ақтап, өтемейді", - деді әнші Ербол Шәріпов. 

Көп жұлдыз үшін - гастроль қиялға, гонорар арманға айналды. Той-томалаққа шектеу қойылғалы бері асаба-әншілердің дені табыстан қағылды. Бірақ олардың кейбіріне індет соншалықты зиян әкелмеген. Белгілі әнші Абай Бегей, еш қиналмағанын айтады. 

"Мен мысалға Алматы әуендерінде жұмыс жасаймын. Республика сарайында. Жалақымызды ай-сайын алып тұрамыз. Бізге ондай қатты қиын боп жатқан жоқ. Жұмыс жасамайтындар бар, оларға қиын енді кішкене, той жоқ, концерт жоқ. Сондай қиналып қалған отбасылар бар, көріп жатырмыз барлығын", - деді әнші Абай Бегей.

Аш отырмаған өнерлілер арасында асаба Нұржан Аташ та бар. Шоумен жиған-тергенін салып, жеке кәсіп ашып алыпты. 

"Өзімнің тұрақты жұмысым бар. Одан бөлек, осы тойдың септігімен тапқан табысымыздың арқасында жасаған азды-көпті кішкентай кәсіптеріміз бар. Ал енді құр тоймен ғана өмір сүріп жүрген адамға, әрине, сөзсіз, қиын", - деді асаба Нұржан Аташ.

Карантин - өнер адамдарынан бұрын рестораторларға ауыр тиді. Сарапшылардың айтуынша, елде көптеген мейрамханалар ауыр хәлге түскен. 

"Карантин уақыты бүкіл шағын және орта бизнеске өте қатты әсерін тигізіп жатыр. Соның ішінде тойханалар, ресторандар, кафе. Әншілерге болсын, тамадалар болсын басқа да осы той-томалақтардың деңгейінде қызмет көрсетіп жүрген азаматтардың барлығы қазір табыс деңгейінен айрылып отыр", - деді экономист Мақсат Серәлі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр