Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойдан үйіне қайтпақшы болған мас жолаушы Алматы әуежайында полиция қызметкерін теуіп, қорлады

Үйлену тойынан қайтып келе жатқан астаналық азамат Алматы әуежайында полиция қызметкері мен оның әріптесін  теуіп, қорлады.

Алматы әуежайында мас болған жолаушы полиция қызметкерін теуіп, қорлаған

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік қызметкерлерге тіл тигізіп, қорлаған азаматтың  үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылдың қараша айында Алматы әуежайында «SCAT» авиакомпаниясының өкілі мас болған жолаушыны ұшаққа кіргізбеу  үшін Астана-Алматы рейсіне полиция құрамын шақырды.

Шақыртуға келген полицияның кіші сержанты мен қатардағы қызметкер жолаушыдан құжат көрсетуді сұрап, өздерімен бірге кезекші бөлімшеге баруды талап етті. Алайда, мас болған ер адам полиция қызметкерін теуіп, оны қорлады. Кезекші бөлімге бара жатқанда да мас жолаушы қарсылық білдіруін тоқтатпаған.

Сотта кінәсін мойындаған азамат үйлену тойынан Астанадағы үйіне қайтып бара жатқанын айтты. Әуежайдағы әрекетін түсіндірген ер адам, ұшаққа кіргізбегендері үшін ашуланып, осындай жолға бардым дейді. Сотта ол зардап шегушілерден кешірім сұрады. Алайда, полиция қызметкерлері оның кешірімін қабылдамай қойды.

Сот мемлекеттік қызметкерді қорлаған азаматты  ҚР ҚК 378-бабы (билік өкілін қорлау) және 380 ( Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өкіліне қарсы зорлық-зомбылық) баптары бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеді.

Тағы оқыңыз: 

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді

 

Талқылау