"Бетімнен тістеп алды": Мәдина Сәдуақасова тойдағы келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдірді
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың бетін ән айтып тұрған кезде бөтен еркек сүйіп алған болатын. Эстрада жұлдызы тойда болған жағдай туралы ашып айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Time.kz сайтына сілтеме жасап.
©instagram.com/sadvakasovamadina
“Әртістер адамдардың мұндай қылықтарына төзе беру керек пе?” деп бүкіл әлеуметтік желі шулап жатыр. Шымкентте болған тойда ерлі-зайыптылар сахнаға көтеріліп менің жаныма келді. Мен ешқашан суретке түсуден бас тартпаймын, себебі бұл менің әртіс ретінде міндетім. Ер адам маған жақындап бетімнен тістеп алды. Әйелі де бұл әрекетіне таңғалып, күйеуін итеріп жіберді. Мен сол сәтте жиіркеніш, қорқыныш сынды түрлі сезімді бастан өткердім. Ән айтып тұрғандықтан ештеңе деп үлгермедім. Адамдар сол сәтті видеоға түсіріп алып, желіге салып жіберген. Иә, бұл жағдай көңіліме тиді, дегенмен ол кісіні сотқа бермеймін. Сөйтсем бұл жағдай харассмент (жыныстық бопсалау) ретінде қарастырылады екен. Сол себепті, әртісті де сыйлап, түсіністікпен қарауын қалаймын. Шынымды айтсам, менде мұндай жағдай бірінші рет болып тұр”, – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.
Бұған дейін өнер иесінің көптің талқысына түскен видеосы туралы жазған болатынбыз.