AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойда арақ құйылмайды": Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл 20 жылдан бері ішімдіктен бас тартқан

Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданына қарасты Теңдік елді мекенінің тұрғындары осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын спиртті ішімдіктерден түбегейлі бас тартқан. Содан бері дүкен сөрелерінен де арақ-шарап түгел алынып тасталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Теңдік ауылында 400-ге тарта тұрғын бар. Соңғы 20 жылда олардың ешқайсысы полиция бөлімшесіне арызданбаған. Ащы судан бас тартқаннан кейін елді мекенде қылмыс та сап тыйылыпты.

Арақ атаулыдан бас тарту жөніндегі бастаманы бірінші болып ел ағасы, қажы Орынбай Әлжанов көтерген. Көпшілік сыйлы азаматты бірден қолдай кеткен. Ақсақал басқа ауылдардың тоз-тозы шығып, тұрғындары қалаға қарай көшіп жатқанда Теңдікте шаруа қожалығын ашып, халықты жұмыспен қамтыған.

“2003 жылы Әбсаттар қажы үндеу тастады. 30 күн оразада ішілмесін деді. Енді соны біржола тастайық, қайтеміз оны, 30 күннен кейін қайыра ішіп. Содан бастап "арақ ішілмейді" деп халыққа жариялап, келген меймандарға арақ қоймайтын болдық”, – дейді Орынбай қажы Әлжанов

Орынбай қажы мешітті де өз қаражатына салдырған. Ауылда қымызхана жұмыс істеп тұр. Ұлттық сусынға сұраныс жоғары.

“Бүкіл жерде қымыз құйылады. Ішімдік жоқ. Осы ақ тамақ, қымыз. Дайындаймыз. Күніне бір үйірде 24 бие болса, соның 22-сін сауамын”, – дейді сауыншы Айна Қыдырбекова. 

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылда екі дүкен бар. Екеуінде де шырыннан басқа сусын сатылмайды.

“Қандай той болса, солай болады. Арақ жоқ.  Мен де ішпеймін. 40 жыл мында тұрып жатырмын”, – дейді ауыл тұрғыны Андрей Нимак.

Арақ-шараптан бас тартқан ауылдың қара домалақтары да назардан тыс қалмаған. Оларға арнап елден шыққан кәсіпкер спорт алаңын салып берген. Нысан қолданысқа берілгелі оқушылар аудандық жарыстарда топ жарып жүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр