Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той жасау үшін арнайы бір адам жүруі керек": Али Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдарының 1 жасын қалай тойлайтынын айтты

Қазақ эстрадасына белгілі жұп Али Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдарының туған күнін қалай атап өтетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akerkeburkitbay/

17 ақпан күні жұлдызды жұптың тұңғышы 1 жасқа толмақ. 

“Уақыт деген зымырап жатыр. Біз әлі шешкен жоқпыз. Баланың 1 жасқа толу мерекесі – өміріндегі алғашқы қуанышы. Сондықтан тойлану керек деп ойлаймын. Тек жақындарымызбен ғана атап та өткіміз келеді. Той жасау үшін оған арнайы бір адам жүруі керек. Қонақ тізімі, сыйлықтар, мейрамхана іздеу, безендіру бәрі қыруар шаруа. Жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Тойға келген адамдардың демалып кеткенін жақсы көреміз. Мүмкін, шетелге саяхаттап келерміз. Бір шешімге келген жоқпыз. Әлі ойланып жүрміз”, – дейді Ақерке Бүркітбай. 



Сонымен қатар жұлдызды жұп жер сілкінісі кезіндегі қорқыныштан арыла  алмай жүргенін айтты. 

“Сол күні түнде балконда терең ойда отырдым. Болашаққа жоспар құрып, шешімдерім жайлы ойландым. Жетістікке жету, өзімді дамыту жолдарын қарастырып отырғанда жер сілкіне бастады. Сол кезде өмір сүру оңай болып кеткендей. Барға – шүкір, жоққа – сабыр. Бас аман болсын ең бастысы", – деп жазды Әли Оқапов. 

Ал әншінің жұбайы “ұйықтап қалып, үлгермей қалатын секілдіміз” деп қорқады.

“Әдеттегідей кеш. Күнделікті тіршілік. Бала ұйықтады. Бірақ ұйқы алдында жүректе қорқыныш жер сілкінген күннен бері қалып қойды. Қайталанатын сияқты. Ұйықтап қалып, сезбей, үлгермей қалатын секілдіміз”, – дейді Ақерке.

Талқылау