Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин салдарынан тойларын өткізе алмай қалған халық ақшаларын қайтара алмай жүр: Тойханалар алдын ала төлемді қайтаруы керек пе?

Төтенше жағдай басталмас бұрын той-томалақ өткізуді жоспарлап, тойханаларға тапсырыс берген халық алдын ала төлемді қайтара алмай жатқандарын айтып шырылдап жатыр. Айтуларынша, мейрамхана, кафе иелері алған төлемді толық көлемде қайтармай, сол соманың белгілі-бір пайызын ұстап қалуға тырысуда. Бұл заң тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Stan.kz тілшісі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен мұндай жағдайда не істеуге болатынын сұрап білді.

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде төлемді ұстап қалу тұтыншуы құқығын бұзатын жағдайға жататынын айтады.

“ҚР “Тұтынушы кооперативі” Заңның 8-бабына сәйкес, тұтынушы тауарды сатып алуға келісімшартты еркін түрде жасасу құқығына ие (жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету). Бұл ретте келісімшартта тұтынушылардың соманы ұстап қалу құқығын бұзатын жағдайлар белгіленеді, бұл Заңның 8-1-бабының ережелеріне қайшы келеді. Олардың ішінде: тұтынушының орындаушы тарапынан өтеулі тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосымша міндеттемелері; орындаушыға шартты өзгерту мен бұзудың негіздері мен тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамай, біржақты тәртіппен өзгерту және шартты бұзу құқығын беру; орындаушыға келісімшарт бұзылған жағдайда ұсынылмаған қызмет үшін төленген ақшаны қайтармау құқығын беру; мердігер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндеттемесін белгілеу; келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда тұтынушыға пропорционалды емес үлкен соманы (тауарлар, қызметтер, жұмыстар құнының отыз пайызынан астамын) төлеу талабын белгілеу”, - дейді комитеттегілер.

Демек, тұтынушы өзінің жағдайын асыра пайдаланған сатушының келтірген шығындарының орнын толтыртуға құқылы. 

Жарлықтың 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес төтенше жағдай кезінде отбасылық және еске алу іс-шараларына тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі) 683-бабына сәйкес келісімшарт ақылы қызмет көрсетуге арналған шарттарға жатады. Сондықтан, ҚР Азаматтық кодексінің 685-бабының 3-тармағына сәйкес, «егер келісімшартты жағдайларға байланысты орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заңнамалық актілерде немесе шартта аталмаған болса, тапсырыс беруші орындаушы шеккен шығындардың орнын толтырады». 

Демек, қызмет көрсетілмесе - орындаушы жақ ешқандай шығын шығармайды.

“Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 337-бабына сәйкес, алдын ала төлем дегеніміз тараптардың бірінің келісімшарттың жасалуы мен орындалуын немесе басқа міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі үшін төленетін ақша сомасы.

Кодекстің 338-бабына сәйкес, егер міндеттемелер екі тараптың келісімі бойынша орындалмай тұрып тоқтатылса немесе орындалуы мүмкін болмаған жағдайда, төлем толық қайтарылуы керек”, - дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті берген жауабында.

Комитет ақпаратына сәйкес,  Заңның 22-бөлімі бойынша, сіз өз еркіңізбен қызмет ұсынушыдан орындалмаған қызметі үшін төлемді қайтаруға және құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын жоюға және осы бұзушылықтар нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талап (шағым) жіберуіге құқығыңыз бар.

Егер күнтізбелік он күн ішінде қызмет ұсынушы шағымға жауап бермесе немесе құқық бұзушылықтарды қалыпқа келтіруден бас тартса және келтірілген шығынды (зиянды) өз еркімен өтемесе, сотқа жүгіне аласыз.

Сонымен қатар, тұтынушы құқығын қорғау мақсатында олардың мүддесі үшін шағым түсіре алатын тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері көмегіне сүйенуге де әбден болады.

Комитет наразылық білдірушіге, мейрамхана иесінің атына шағым жазуды ұсынады.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр