Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері кешкі сағат 10-нан кейiн мейрамханаларды жаппай тексерудi қолға алды. Коронавирус пандемиясына байланысты тамақтану орындарының қызмет уақытына да шектеу қойылған. Әсіресе жүздеген адам шақырылатын той-томалаққа тыйым салынғанына мейрамхана қожайындары разы емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Қаладағы мейрамханалардың барлығы мереке күндеріне банкетке тапсырыс алған. Оған азық-түлік сатып алып қойды. Енді той иелері ақшаны қайтаруды сұрап, жан алқымынан алып жатыр. Мұндайда біз не істейміз? Жұмыссыз қалған қызметкерлеріміздің жайы не болады?", - дейді Бану Тілегенова, Ақтөбе облыстық қонақ үй және мейрамхана бизнесі қауымдастығының төрайымы.

Шығынын ойлаған кәсіпкерлер қалалық әкімдіктің мәжіліс залына лық толды. Олардың басым бөлігі – дәмхана мен мейрамхана қожайындары. Енді олар жүздеген адам жинап, той-садақа істей алмайды. Үйлену тойдың өзіне шақырылатын қонақ саны 50-ден аспауы керек. Сондай-ақ, бұрынғыдай түнімен қыдыруға тыйым салынған. Кешкі сағат онда кез келген мейрамхана мен дәмханадан меймандар таралуы тиіс. "Ал той-садақадан бас тартқан тұрғындардың ақшасын толық қайтарып беруі керек", - дейді шенеуніктер.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде тыйымды тыңдамағандар жазаланады деп ескертті. Полицейлер кешкілік тамақтану орындарына тексеру жүргізіп, оннан кейін той болып жатса, кәсіпкерге айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін абақтыға қамай алады.

"Шектеуді ескермегендерге алдымен ескерту береміз. Тыңдамай жатса, шара қолданылады. Мұны әкімшілік сот шешеді. Полицейлер төтенше жағдайға байланысты кешкілік рейдтерге шығып,мейрамханалардағы тексерулер кезінде мұны анықтап отырамыз", - дейді Мақсат Шляшев, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары.  


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы 15 адам тiркелдi: Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған
Çàãðóçêà...