Бағлан алғаш рет әйелі мен балаларын көрсетіп, отбасылық бизнесі жайлы айтты (фото)
«Жігіттер» тобы бірінен соң бірі жеке ән айтып жарысса, енді кәсіп ашуға кірісті. Топтағы Айдар Байжанов осыдан бірнеше жыл бұрын «Айдар» атты шайын халыққа ұсынған еді. Шағын кәсібін дөңгелетіп отырған әріптесіне енді Бағлан қосылды. Ол анау-мынау емес, той орталығын ашты, – деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің өзі кез-келген шыңға жеткен атақты өнерпаз өз нәпақасын тойдан табады дейді. Сондықтан да, той бизнесі «өлмейді» деген мақсатта орталықты шоумен Руслан Ысқақовпен бірлесе ашып отыр.
«Бағлан» деген той орталығын ашып жатырмыз. Орталықтың менің есіміммен аталуы өзінен өзі келген сәйкестік. «Лан» – Руслан Ысқақовтан алынған сөз. Осыдан 5-10 жылдан бұрынғы тойларды салыстырсаңыз мүлдем ерекше. Қазір тойлар концерт сияқты өтіп жатыр. Сол сияқты кішігірім кәсіпті бастап жатырмыз. Сондай қуанышқа ат салысып, әрбір тойды ерекше есте қалатындай етіп, түрлі сыйлығымызды ұсынып, қуаныштың үстіне қуаныш сыйлау үшін жасап жатырмыз» , – дейді әнші.
Орталықтың алғашқы «клиенттеріне» өзі қызмет ететін көрінеді. Себебі, соңғы кезде Бағлан мырза асаба болуды қолға алған.
«Ерекшелігі – бұл орталықта не қалайсыз соның бәрі болады. Тіпті, басқа елдің әртісі керек болып жатса, оны да шақырып береміз. Басқа елдің бишілерін де шақыра аламыз. Мен асабалық қырымнан танылғым келіп жүр. Асабалық қызмет көрсетемін. Бірнеше жыл ән айттым. Менің әншілігіме қызығып, асаба болсын дейтіндер болуы мүмкін. Бірақ, бірден айтамын төлемақы аз болмайды”, – дейді Бағлан мырза.
Әнші орталықтың ашылу салтанатын ауыз ашармен қоса өткізді. Бір оқпен екі қоянды атқан Бағланның қуанышына шоу бизнестің “қаймақтары” келді. Алғашқы тілек өнердегі ағаларына берілді. Барлық ер азаматтар мен қатар Гүлзира Айдарбекова да тілек айтты.
«Біз осындай орталық ашуды 3-4 жыл бұрын жоспарлағанбыз. Бірақ іске асыра алмай жүрдік. Енді міне Бағлан бастап жатыр. Баршамыз қолымыздан келгенінше қолдау көрсетейік», – деп сөзін түйіндеді продюсер.
Асаба продюсердің сөзін қостап, Қайрат Нұртастан келген қонақтарға тегін ән айтып беруін сұрады. Артынша әзілдегенін сөз етті.
Жіберіп алмаңыз:
Абай Бегей: Әйелім тірі кезінде қадіріне жете алмадым (фото)
Қайрат Нұртастың ұл-қыздарының есімдері белгілі болды
Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді
Қайрат Нұртас Нюшамен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты