Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той - халықтың ажырамас дәстүрі": Айқын тойды өткізбеуге қатысты ұсынысты сынады

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген тойды өткізбеу туралы ұсынысқа қатысты өз пікірін білдірді. Әртіс той өткізбеу мәселесін сынға алып, өз позициясын бірнеше мысалмен дәлелдемек болды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Неге бұл мәселені дәл қазір көтеруде? Басқа шешілмеген мәселелер жоқ па? Әрине қазір той тойлайтын заман емес. Бірақ бұл карантин де бітеді ертен. Сонда не болады? Байқасаңыздар, көбіне тойға тиісетін, және тойды бос әуре санайтындар, орыстілді тәрбие көріп өскендер. Оларды да түсінуге болады. Олар той дегенді тек "үйлену той"-деп қарастырады. тойды тек, ресторандағы отырыс ретінде қарастырады. Қайдан білсін, тойдың "болғанынан, боладысы"- қызық, және тұнып тұрған салт-дәстүр мен дайындық екенін (орфография мен пунктуациясы сақталды-авт.)" - , деп жазды ол.

 

Әншінің пікірінше, азаматтардың жеке шығындарына араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Айқын мемлекеттік бюджет үшін өткізілетін мерекелерге тыйым салуға болады деп санайды.

Айтуынша, тойға тыйым салудан әлдеқайда өзекті мәселелер бар. Ал тойды өткізбек керек деп есептейтіндер популистер, дейді ол.

Ол көптеген адам тояға тыйым салғаннан өз жұмысын жоғалтатынын айтады . Бұл іс-шараларда өнер көрсететін әртістерге ғана қатысты емес, дейді әнші.

"Ресторандар ғана емес, даяшылар, тех. қызметкерлер, әртістер, бишілер, бұл бір шарадағы 40 адам. Бәрінің несиелері мен отбасылары бар. Олар не істемек?", - дейді Айқын Төлепберген.

Әншінің сөзінше, қазіргі уақытта несие тойға емес, көбіне техникаға алынады. Сондықтан несие үшін той жасамау керек деу қисынсыз, дейді ол.

Одан бөлек, әртіс той халықтың ажырамас дәстүрі екенін атап өтті. Той арқылы туыстар бір-бірімен араласады, дейді ол.

Сөз соңында әнші ешкім той тойлайын деп жатқан жоқ екенін айтып өтті. Пікір білдірушілер арасында әртісті қолдағандар да, керісінше оны сөккендер де табылды. 

Талқылау