Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысындағы орман өртінен кейін отставкаға кетті

Марат Күлдіков төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 шілдеде Марат Күлдіковтың Абай облысындағы ірі орман өртінен кейін отставкаға кеткені белгілі болды. ТЖ министрлігі вице-министрдің өз еркімен босату туралы баянат жазғанын нақтылады.

"Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков өтінішіне сәйкес  Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ол Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарды.

Талқылау