Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко шахтасындағы қазіргі жағдайды баяндады
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жағдайларды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Ал тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.
"Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ. Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.