Төтенше жағдайлар министрлігі Қонаев қаласының тұрғындарына ескерту жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі Қонаев қаласының тұрғындарына ескерту жасап, мобильді хабардар ету жүйесінің тексерісі жүретінін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары! 22 қыркүйек күні сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі.
Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі”, – делінген хабарламада. Құтқарушылар аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылатынын жеткізді. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда, көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз.Еске салайық, 21 қыркүйекте алматылықтарды жаппай жер сілкінісі туралы хабарлама шошытқан еді. Кейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметі тұрғындарға сабыр сақтауды сұрап, "сейсмологтардан ақпарат түспегенін" мәлімдеді.
Талқылау

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
Қазақта балалы үйге қай уақытта қонақ бармағанын этнограф Бұлбұл Кәпқызынан сұрап білдік

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"