Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі төніп тұрған бес аймақты атады
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі төніп тұрған Қазақстанның бес аймағын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: “ҚазАвтоЖол” АҚ баспасөз қызметінен
Министрдің айтуынша, елдегі 1223 елді мекен қауіпті аймақта тұр.
“Бұл статистика, мамандар берген деректер. “Адамдар қорықсын, бұл аймақтарды су басады дегенді” білдірмейді. Осындай қауіп бар екеніне назар аударғымыз келеді. Жұмыс істеліп жатыр. Бірқатар қауіптердің алдын алдық. Жауапты мамандар жұмыс істеп жатыр. Егер статистиканы алсақ, қауіп төнген елді мекендердің басым бөлігі БҚО, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, СҚО мен ШҚО өңірлерінде орналасқан. Елді мекен бойынша қарастырсақ, қауіп басым осы – бес өңір", – деді Әрінов.
Петропавлда су тасқынынан кейін үйлер салған компания ақшасын әлі күнге дейін алмаған
Еске салайық, 2024 жылы елде алапат су тасқыны болып, салдарынан Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан Павлодар, Қостанай мен Ақмола облыстары зардап шеккен еді.