Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай министрлігінде бөлімше басшыларының екеуінің бірі жемқор - Антикор

ТЖМ-де сыбайлас жемқорлықтың 70%-ын бөлімше басшылары жасайды, яғни осы басшылардың екінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жемқорлық

Мұны 23 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалиев мәлімдеді.

Антикордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Асхат Жұмағұлов министрлік басшылығымен өткен кеңесте ТЖМ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысын сынға алды. Ол соңғы бес жылда азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың 150-ге жуық жағдайы тіркелгенін атап өтті.

“Қылмыстарды көбінесе Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай және Алматы облыстарының қызметкерлері жасайды. Бұл – парақорлық пен ұрлық. ТЖМ бөлімшелерінің басшылары өрт қауіпсіздігін тексеру актілеріне қол қойғаны, рұқсат бергені, жұмысқа орналасуға көмектескені және т.б. үшін заңсыз сыйақы алған”, – деді Асхат Жұмағали.

Талқылау