Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай алынғаннан кейін біз босаңсып кеттік - Тоқаев

Төтенше жағдай алынғаннан кейін біз демалып, аурудың жоқ екені туралы ойлай бастадық деп басты кемшілігімізд туралы мемлекет басшысы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүкіл әлемде коронавирустың таралуы кең етек алып отыр. Біздің ел коронавирустық шабуылға ұшыраған жалғыз ел емес. Төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін біз еркінсіп кеттік. Мұны мойындау керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер қауіпті кезең аяқталды деп ойлады. Халық сенитарлық ережелерді сақтамайтын болды. Кейбір азаматтар аурудың жоқ екені туралы қауесеттерге сене бастады. Бірақ COVID-19 әлі күнге дейін үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан үкімет тағы да карантиндік шараларды күшейтті", - деді Тоқаев.

Дегенмен, мемлекет басшысы бұл бітті енді үйде отырамыз, ештеңе істей алмаймыз деп мұңаюға себеп емес, керісінде мұны жаңа мүмкіндік деп бағалайық деп атап өтті. Уақыттарыңызды босқа өткізбей, жаңа бастамаларға қадам басыңыздар дейді ол. 

"Суретшілер, музыканттар, жазушылар мен ақындар карантин кезінде шығармашылықпен айналысқандықтарын айтады. Басқаша айтқанда, тіпті қиын жағдайлардың өзінде де өзіңізге пайда іздеңіз. Әр дағдарыста жаңа мүмкіндік бар. Біз бірге бұл дағдарысты сөзсіз жеңіп шығамыз, жаңаша көзқараспен, күшпен шығамыз. Ең бастысы - қиын сынақты жеңеміз деп сену", - деді Тоқаев.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Маусым, 2020 10:45
Талқылау