Төсектер 28% толы: Мамин елдегі коронавирустың таралуы туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамин елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін айтты. Коронавирустық инфекцияның күн сайынғы өсуі 0,4% құрайды. Ал Қазақстанда вирустың таралу коэффициенті 0,9%- ды көрсетті
Үкімет басшысы жұқпалы төсектердің толу деңгейі 28%, қарқынды терапия төсектері - 20% толы екенін айтты
Қазір "қызыл" аймақта COVID-19 таралуы бойынша Атырау облысы, "сары" аймақта - Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, қалған барлық аймақтар - "жасыл" аймақта.
Бұған дейін, 19 желтоқсанда, отандық вакцина QazCovid-in клиникалық сынақтарының соңғы III кезеңі басталды, оның шеңберінде үш мың ерікті вакцинацияланып жатыр.
2021 жылы наурызда Жамбыл облысының Қордай ауданында қуаты жылына 60 миллион доза вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыт іске қосылады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
