Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

Балқашта жеті жасар қыз ер адамнан көрген қорлығын айтып, ботадай боздады. Алайда, күдіктінің туысқандары оның кінәсіз екеніне сенімді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

еркек ана қызы

Балқашта 7 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық үлкен дауға себеп болды. Басты күдікті ретінде қамауға алынған 44 жастағы қала тұрғыны тергеу кезінде өлім аузынан қалған. Полицейлерден оңбай таяқ жеген Аманжол Әлібаевтың жанын дәрігерлер әрең алып қалыпты. Соның салдарынан істі жүргізген шенділердің өзіне  қатысты да қылмыстық іс қозғалды. 

Жанаргүл Балқаш маңындағы шаруа қожалығында жұмыс істейді. Қызы қаладағы мектеп-интернатта білім алады екен. Аманжол атты жігітпен қызын көруге келгенде танысыпты. Жалғызбасты еркектің үйінде бірер күн қонақ болған. Қызын әкеліп шомылдырып, «кір-қоңын жуып алдым» дейді. Бар сұмдық кешке жақын анасы дүкенге шығып кеткеннен соң басталыпты.


Тағы оқыңыз

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда


«Ағатай шақырды. Бір кезде мені төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті. Сосын қолымен менің ... тиісті», – дейді жәбірленуші.
Психолог мамандары кішкентай қызбен жұмыс жасауда. 

«Дүкенге барып, заттарымды алып келе жатсам, есіктен қызымның шыңғырған дауысын естідім. Есікті тарсылдатып қақтым. Қызым ағатайдың қасында жылап тұр екен. Қызымды жұлып алдым. Ол кісі «кірші, кірші, ешкімге айтпа, айтпа, деді», – дейді жәбірленушінің анасы.
Подьездегі айқай-шуға көршілерді де шыққан. Аманжолдың ана мен баланы үйге сүйреп жатқанын олар да көріпті. Аяғының арасынан қан сорғалаған қаршадай қыздың жағдайы адам шошырлық болғанын айтады.

«Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады. Байқұс әрең тұрды, анасының жанында, «ауырып тұр» деп. Денесі дірдір етіп қалшылдап, зар еңіреп жылады», – дейді оқиға куәгері Қызғалдақ Жұмаділова.
Ауладағы қырқысты осы маңда өтіп бара жатқан полиция қызметкері көрген. Қаршадай қыз бен анасын Аманжолдан арашалап, әріптестеріне хабар беріпті. Жедел жәрдем оқушыны ауруханаға, полиция күдіктіні бөлімшеге әкеткен. 
Ал жауап алудан кейін күдікті аурухананаың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Көкала қойдай боп таяқ жеген оның аяғы сынып, тікішегі жыртылған екен. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оның жанын аман алып қалды. Өйткені Аманжолды тепкінің астына алғандарымен қоймай, полицейлер артына резеңке сойылды бойлата тыққан. Қазір күдіктінің нәжісі сыртқа пластик түтікшелер арқылы ғана шығады.

«Қолына кісен салғызып, батареяға байлатып, мұны сүйретіп, күйсіз күйде есіктің алдына отырғызады. Өйткені оның жарылған ішегіндегі бүкіл нәжіс, қан, бәрі іріңдеп кетеді. Осы  Балқаш қаласының бес полицейі қамауға алынбай тұр», – дейді күдіктінің туысы, Жұмажан Әлібаева.

Сараптама кішкентай қыздың зорланбағанын анықтаған. Алайда жыныс мүшесінде жарақат іздері бар екен. Ал күдіктінің туыстары тергеу ісінде көптеген «келеңсіздіктерге жол берілген» дейді. Бұған олар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне жазған арыздарында тәптіштеп тоқталыпты. Сондықтан полицейлерге қатысты азаптау дерегі бойынша іс қозғалды.

Талқылау
Пікір
Мика
24 Қыр, 20 жыл - 10:24

Менттерди неге соттайды педофилди соттау керек оны зонада тыныш коймайды скора ози де педик болады каршадай кызды злрлаган албасты шешесин истегени аз болдыма айуан оган олим жазасын беру кажет

475428
13 Қыр, 20 жыл - 02:03

Бундаиларга олим жаза беру керек онбагандарга

Жандос
26 Мау, 20 жыл - 00:08

Осындай жауыздар көбейіп барады.Қаршадай қызға қалай жаны ашымады.Обал жоқ өзіне сол керек полициялардың орнында мен болсам да солай істер едім.Қиналсын хайуан.