Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төсекке байлап, ұрды": Нұр-Сұлтанда зейнеткер қарттар үйіндегі қорлыққа шағымданды

Елордалық зейнеткер Александр Гутс қарттар үйіндегі қорлық туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарияның сөзінше, оны төсекке байлап, ұрған. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері оны психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жіберген.

Белгілі болғандай, егде жастағы ер адамның балалары шетелге көшіп кеткен, ал ол қалыпты өмір сүру үшін жағдай жоқ үйде қалды. Ақсақалға алыс туысы көмекке келген. 

"Маған қарияны сеніп тапсырды. Оған қарау үшін, балалары шетелге кетті, олар мұнда келе алмайды. Олар оның үйін меншікке алуға, өзіме рәсімдеуге рұқсат берді", - деді Наталья Шишко.

Әйел жалғызбасты зейнеткерді қарттар үйіне тіркеген. Дегенмен қария онда бірнеше күн ғана болды.

"Ол үйге келді. Әйнекті қолымен сындырды, көршілерім маған қоңырау шалды. Мен оны мемлекетке бердім, адам мемлекеттік қолдауға ие болады үміттендім. Оның қалыпты зейнетақысы бар, алыңыздар. Оның неліктен көшеде қалғанын білмеймін. Енді ол қайта барғысы келеді, бірақ оны қабылдамай жатыр", - деді Наталья Шишко.

Оның әңгімелері бойынша, қарттар үйінде оны қорлап, содан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызған.

"Олар темір төсекті алып, қолымды, аяғымды байлады. Шүберектермен. Ауруханаға апарды. Олар мені ұрды, итерді. Қолдарым, аяқтарым байланып, мені мазақ етіп, күлді. Содан кейін олар мені ауруханада құлдыққа алғысы келді. Маған солай деді", - дейді Александр Гутс.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында барлық айыптауды жоққа шығарды. Сөздерінше, қария шынымен ауырады. Оны психикалық ауруханаға жайдан-жай жібермеген.

"Адам өзін дұрыс ұстамайды. Барлық уақытта бір жерге кетуге асықты. Киімін ауыстыра бастағанымызда, ол қашып, көрші бөлмеге жүгірді. Одан биттер шыға бастады. Дезинфекция жүргізіп, палатаға ауыстырдық. Ол белсенді қарсылық танытты. 2 күннен кейін маған есіктің сынғанын хабарлады. Ол ауруханада пижамамен жатқанда, жалаңаяқ, тәпішке киіп, көшеге қашып кетті", - деді Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психиатр-дәрігері Болатбек Мұсаханов.

Дәлел ретінде мамандар медициналық қорытынды көрсетті. Диагнозды психиатриялық аурухананың дәрігерлері қойған.

"Оған психикалық диагноз қойылды. Ал бізде психикалық диагнозы бар адамдар жатпайды", - деп түсіндірді дәрігер.

Қарт адамның одан әрі тағдыры қалай болары түсініксіз. Қазір ер адам сол алыс туысының ағасымен уақытша бірге тұрып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр