Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төртінші сыныптан бері зорлады": 19 жастағы қыз өгей әкесінен қорлық көріп келгені туралы

19 жастағы қыз өгей әкесінен қорлық көріп келгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Төртінші сыныптан бері зорлады

Саёра есімді 19 жастағы аруды өгей әкесі 8 жыл бойы зорлап келген. Ішімдікке сылқия тойып алып, әйелі мен өгей қызына білгенін жасайтын азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары бір жыл дегенде әрең аяқталған. Бұл туралы Саёраның қорғаушысы айтып берді. 

"Бұл бір жыл бұрын болды. Оның алдында тергеу амалдары жүргізілді. Осы бір жылдың ішінде өте ауыр болды. Арыз жазған күннен бастап, Алатау аудандық ішкі істер басқармасында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанда іс бұрмалана бастады. Үш ай көлемінде істі дәлелдеуге, қарауға мүмкіндік бермеді. Менің ойымша өгей әкесінің тарапынан жемқорлықтың ұшқыны болған сияқты", - дейді қорғаушысы. 

Саёра сегіз жылдың ішінде өгей әкесінен бір мәрте жүкті болған. Алайда, анасы мен әкесі түсік тастатқан. Онысымен қоймай, басқа бір жігітті қызымызды зорлады деп айыптап, ақша мен көлік алған. Саёра өткен өмірін есіне алды.

"Өгей әкем төртінші сыныптан бері мені зорлауды бастады. 11 жасымнан бастап, сегіз жыл зорлап келді. Анама айттым, туыстарым барлығы біледі. Олар маған сенбей, әкемді қорғап келді. Әкем анам екеуімізді Өзбекстанға апарамын деп қорқытты. Үнемі ішіп келеді, анамды ұрады. Анам қорыққанынан қашып кетеді. Анам "Сені тыңдайды, бар жат" дейтін. Мен барып жататынмын", - дейді Саёра. 

Саёраның анасы мән-жайды біле тұра, қызына өгей әкесінің жанына жат деп бұйырған көрінеді. Сот отырысы кезінде де анасы не күйеуіне, не қызына жақтасарын білмей дал болған. Дегенмен қорлық көріп келген қыз анасына жаны ашып, оның үстінен қылмыстық іс қозғамапты. Ал өгей қызын 8 жыл бойы қорлаған еркек 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Талқылау