Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт өңірде орындалмаған жұмыс көлемі үшін шамамен 3,4 млрд теңге төлем жасалған – Смайылов

Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында кейбір жобалар 10 жылдан бері аяқталмаған. Бұл мәліметті Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gosaudit.kzФото: Gosaudit.kz

Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында жүргізілген аудит нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобалардың 27%-ы бойынша құрылыстың нормативтік мерзімдерінің сақталмағаны анықталған.

“Кейбір жобалардың іске асырылуы 10 жылға дейін созылып келеді. Уақытында аяқталмаған жобалардың 60%-дан аса қымбаттағаны анықталып отыр. Ал қалған маңызды инженерлік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы өңірлердің сылбырлығы неге алып келерін әлі анықтау керек. Осы төрт өңірде орындалмаған жұмыс көлемі үшін шамамен 3,4 млрд теңгеге төлем жасалған. Сондай-ақ өңірлерде өте маңызды және қажет объектілердің мақсатына сай пайдаланылмау фактілері болып отыр”, – деді Смайылов.

Мысалы, Семей қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы салдарынан, атап айтқанда, жанар-жағармай станциясына жақын орналасқандықтан, 2023 жылы 1,7 млрд теңгеге салынған "Орталық" қазандығы пайдаланылмай тұр.

Жезқазған қаласында 2023 жылы шамамен 600 млн теңгеге салынған тұрғын үйге әлі күнге дейін ешкім қоныстанбаған.

Талқылау