Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт баланың анасы өзінің соқырлығын 38 жыл бойы жасырған

Ұлыбританияның Амманфорд қаласының тұрғыны Зена Купер туғанынан Марфан синдромына шалдыққан көрінеді. Бұл синдром көру қабілетінің ауруы болып саналып, ақыр соңында көз жанарынан айырады екен. Дегенмен Зена бала күнінен бастап бұл ауруға икемделіп өмір сүруді үйреніп алыпты. Тіпті оның жақындары мен туыстары оның дұрыс көре алмайтындығын білмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төрт баланың анасы өзінің соқырлығын 38 жыл бойы жасырған

2 жастағы төрт баланың анасы осы уақытқа дейін дұрыс көре алмай келген. Ең қызығы көру қабілетінің ақауы бар әйел жас кезінен бері басқа адамдардың барлығы да өзі секілді өмір сүреді деп ойлаған. Өзін-өзі осылай сендіріп алған ол ауруына үйреніп кеткен екен. Бала күнінде нашар көруіне әбден машықтанып алған Зенаның ата-аналары қызының көре алмайтындығынан хабарсыз болған.

"Мен қыз кезімде басқаларынан ерекшеленетіндігімді білдім. Алайда басқа адамдар да бұлдыр бейнелер көреді деп ойладым. Олар да мен сияқты тамақты иісі мен дәмі арқылы ажыратып, киім мен заттарды ұстау арқылы таниды деп ойладым", - дейді Зена.

Бұған қоса төрт баланың анасы өзінің есте сақтау қабілетін әбден жаттықтырып алған: ол жол жиектерін, көшелерді дұрыс ажырата біліпті. Десек те мұның өзінде әйел қай кезде болмасын өзінің қырағылығын жоғалтпапты.

"Мен үнемі  санап жүретінмін. Аяғымның астында не жатқанын есімде сақтап, есту қабілетімді де дамыттым", - деп қосты ол.

Өміріне кедергі келтірген ауруына қарамастан ол магистр дәрежесін алып, мектеп психологы ретінде жұмыс атқарып келген. Мұның барлығына ол көзі дұрыс көрмейтіндігін ешкімге айтпай қол жеткізіпті.

Бір күні оның құпиясы ашылып қалған көрінеді. Оның жұмыс істеп отырған кезінде оқуышалардың бірі көмек сұрап келіпті. Сол кезде Зена оның даусы мен жүріс-тұрысын басқа біреумен шатастырып, оқушыны сол адамның атымен атап жібереді. Осы кезден бастап ол ауруы жайлы басқаларына айтуды жөн көріпті.

Өзінің басына түскен қиыншылығы жайлы жария еткеннен бастап оның өмірі жақсы қырынан өзгеріпті. Оның жақындары оған бағдаршы ит алып берген. Ал Зенаның өзі болса, өмірі жайлы кітап жазып үлгеріпті.

 

STAN.KZ
Жұма, 03 Қаңтар, 2020 18:13
Талқылау