AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт айдан бері мүлдем жұмыс жүрмеген": Алакөлге биыл да көлікпен жету мұңға айналғалы тұр

Алакөлге көлікпен жету биыл да мұң болып тұр. Өйткені Өскемен – Талдықорған жолының құрылысы әлі бітпеген. Ал елдің шығысында туристік маусым әні-міне басталғалы тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Жаз сайын жөнделіп бітер деген Өскемен-Талдықорғанның 454 шақырымы әлі аяқталмады. Тіпті күн жылынғалы бергі 3-4 ай бойына мүлдем жұмыс жүрмеген.

“Семейден бері 6 сағат жүріп келемін. Өнбей жатыр. Көліктен көлік қалған жоқ, қашан жететініміді өзім де білмеймін”, – дейді жүргізуші Андрей Бортовой. 

Жауапты сала мамандарының айтуынша, құрылыс материалдары қымбаттап, жұмысты тоқыратып тастаған.

“Жоспар бойынша биыл бұл жоба қолданысқа берілуі керек еді, бірақ елде жол құрылыс материалдары екі есе қымбаттап кеткендіктен, мердігер компанияның қауқары жетпей қалды. Енді бас мердігер компания субмердігер ұйымды тауып, жұмысты ары қарай жалғастырмақ”, – дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" ШҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Сапарғалиев. 

Сондықтан енді Алакөлде демаламын деушілер жайлы жетем десе теміржол мен әуе жолына ғана үміт арта алады.

Биыл бұл жаққа 100 мың адам келеді деген болжам бар. Сондықтан ерекше демалыс орындарының қатары артуда. Мәселен, өлкеде жыл бойына жұмыс істейтін, таза ағаштан ғана тұрғызылған эко-база ашылды.


ҚТЖ Алакөл бағытында уәде етілген пойыздардардың қашаннан бастап жүретінін хабарлады


“Алыстағы ағайынның бәрі осында елімізді, жерімізді көруге келеді. Бірақ біз сонша адамды күтіп алуға дайын емеспіз. Енді 12 ай жұмыс істейтін кешен саламыз”, – дейді кәсіпкер Ғани Шаймарданов. 

 "Жыл бойына жұмыс істейін кешендер көбейсе, бұл маңдағы жұмыссыздық мәселесі де шешілер еді", – дейді осында бригадир болып жүрген Болатбек Қайсанов. Айтуынша, туған өлкесінің тартымдылығына сөз жоқ, бірақ шешілмей жатқан түйін көп. Соның ең үлкені – интернеттің жоқтығы.

“WhatsApp-тан фото келсе, соны аша алмаймыз. Қағаз жүзінде бар шығар, бірақ іс жүзінде интернет әлі жоқ”, – дейді Болатбек Қайсанов. 

Аймақ басшысының айтуынша, ауданда өткен жылы 11 елді мекенге ұялы байланыс орнатылған. Бұл жұмыс биыл да жалғасып, кемшіл тұстар ескерілмек. Ал жол бойынша Берелге және Рахман бұлақтарына қатысты ондаған шақырым жөнделеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр