Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының мүшесі: Ақтауда үйінің ауласында атып кеткен ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер

Ақтауда жергілікті танымал қылмыс серкесі өлтіру бойынша жаңа деректер белгілі болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтау қаласында 47 жастағы ер адамды үйінің ауласында атып кеткені хабарланған. Ол аурухана төсегінде есін жимастан қаза болды.

Дәрігерлер қаскөйлердің мақсаты ер адамды өлтіру екеніне күмән келтірмейді. Ол іш қуысынан көптеген жарақаттар алып, ішек пен бауыры зақымдалған күйде ауруханаға жеткізілді.

Науқас операция үстелінде көз жұмды. Жәбірленуші жергілікті қылмыстық топтың бастығы, "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының мүшесі болып шықты.

Бұл қылмыстық топтың өзге мүшелері мұнай ұрлығы, рейдерлік, бопсалау, қаруды заңсыз сатып алғаны үшін сотталған еді.

Қазіргі таңда оқ атқан адам ұсталды. Оның сыбайластарының бар-жоғын тексеріп жатыр.

"1973 жылы туған науқас келіп түскен кезде  қансырап, есінен танып жатты. Операция кезінде операциялық залда көз жұмды. Дәрігерлерде жүрек тоқтағанын айтудан басқа амал қалмады. Жалпы, мұндай ауыр жарақатпен тірі қалу мүмкін емес", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов.

STAN.KZ
Сенбі, 12 Қыркүйек, 2020 08:20
Талқылау